Жалпы ақпарат

Киянбеков Ж.Ш.
Киянбеков Женис Шадиевич

Басқарма басшысы

Басқарма туралы

        «Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бюджетті жоспарлау, бюджеттің атқарылуы және есептіліктің құрылуы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
       «Ұлытау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, Ұлытау облысы әкімінің және әкімдігінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

       Ұлытау облысының қаржы басқармасының негізгі міндеттері:

Мына салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды өңдеу:

  • облыстық бюджетті орындау;
  • облыс және облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі бюджеттік есепке алуды жүргізу және есептілікті құру;
  • облыстық коммуналдық мүлікті басқару.