Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Аманжолов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Миссиясы:
Білім алушыларға сапалы білім беруге тиімді жағдай жасау және өзін-өзі дамытуға, тәрбиелеуге, көрсетуге және тануға қабілетті рухани бай, физикалық және адамгершілік тұрғыдан дені сау, әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеу.
Мақсаты:
- Стандарт емес оқу тәсілдерін өндіру арқылы білім берудің оң нәтижелерін арттыру;
- Оқу мен оқытудың инновациялық ортасын құруда педагогикалық ұжымның кәсіби дамуы мен шеберліктерін жетілдіру;
- Бәсекеге қабілетті, өмірлік дағдыларын қалыптастыра алатын оқушы тұлғасын дайындау.
Нәтижесі:
Мектепте 80% оқушылар аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба қорғау, мәнерлеп оқу сайыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Мектеп мұғалімдері аудандық, облыстық, республикалық түрлі педагогикалық сайыстардың жеңімпаздары болды.
Атап өтсек: облыстық «Үздік ауыл мұғалімі-2020» конкурсы – ІІІ дәрежелі диплом, бастауыш сынып мұғалімі Аришева Айжан Серікқызы.
«ELAB.ASIA ACADEMY» - Ломоносов атындағы МГУ - «Педагогтің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру: шынайылық пен перспективалар» халықаралық ғылыми–практикалық конференция, сертификат, 17.02.2021 ж., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аришева Г.К.
Аудандық «Венн балы-2021» байқауы – І орын, мектеп психологі Мусина А.К., тарих пәні мұғалімі Алғали М.Н.
Аудандық «Дарынды балаларға –талантты ұстаз» байқауы – ІІІ орын, тарих пәні мұғалімі Алғали М.Н.
Облыстық «Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи жолы» атты ғылыми – практикалық конференция, сертификат, тарих пәні мұғалімі Алғали М.Н.
«Ә.Бөкейханов: Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан» атты өңіраралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, «Ұлт көшбасшысы – Ә. Бөкейханов тәуелсіздік үшін күрес» баяндамасы үшін сертификат, тарих пәні мұғалімі Алғали М.Н.
«Спорт жұлдыздары» атты республикалық ұстаздар арсында өткен үстел теннисінен І дәрежелі диплом және «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі 2021 жыл» төс белгі, Куанышбаева Гульнур Тулегеновна.
2021 жылы ұстаздар «BILIM AINASY» атты республикалық ғылыми-танымдық журналына өздерінің ашық сабақтарын, баяндама, эсселерін жариялады.
Мектепте 1 мұғалім - педагог-зерттеуші, 2 мұғалім жоғары санатты, 6 мұғалім -педагог-сарапшы, 9 мұғалім - педагог-модератор, 4 мұғалім – екінші санатында.