Жалпы ақпарат

Шарын ауылдык округінің әкімі
Әкімдік туралы
Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округі әкімінің аппараты (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Шарын ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
-
Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
-
Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
-
Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
-
Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
-
Әкімнің аппараты туралы ережені, оның құрылымын Ұйғыр ауданының әкімдігі бекітеді.
-
Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041816, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шарын ауылы, Касымов көшесі, № 21.
-
Әкімнің аппаратын Ұйғыр ауданы әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
-
Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
-
Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.