Тянь-Шань тауының үлкен тізбектері Күнгей Алатау, оның бір бөлігі Кетпен тауы мен Іле өзенінің аралығында орналасқан ауылдың бірі -Кіші Дихан,Үлкен Диқан ауылдары. Мұнда қазір қазақ-ұйғыр халқы араласып, егін және мал шаруашылығымен айналысады. Тау бөктері жерлері құнарлы қарағайлы болып: Тоқсанбай, Көккезең, Шүңгіт, Талды, Қыржол, Пәндісай, Тәттібұлақ, Көкбастау ,Салықбай, Тәттібұлақ, Үлкен Көксай, Кіші Көксай, Көк жазық, Көнежайлау және тағы басқа шатқалдарынан сулар жиналып, өзен болып Кіші Дихан, Үлкен Диқан ауылын жағалап солтүстікке ағады. Осы өзен суын ауыл тұрғындары Қарадала, Қисықмола, Шиеліөзек мекендерін егістікке пайдаланады. Аққұдық, Өгізбай, Қызылжыңғыл, Қара тораңғы, Жамбас, Нүрпейіс аталатын мекендерді қыстау ретінде пайдаланса, қарадала аймағын көктемде, күзде жайылым ретінде пайдаланады. Осындай тамаша табиғаты бар Жер жанаты Жетісудың бір елді мекен ретінде жерінде жеміс- жидек, өсімдіктің сан алуан түрі өседі.