Бакиров Абдуахат Абдисаматұлы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Жалпы ақпарат, білімі
Өмірдерегі
Бакиров Абдуахат Абдисаматович 29 сәуір 1977 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққораған ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2013 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 1997 жылы Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Созақ аудандық бөлімшесінің жетекші маманы болып бастаған. 1999-2005 жылдары кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің бас маманы, 2005-2006 жылдары аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2006-2007 жылдары «Реммонтажсервис» ЖШС- нің экономисті, 2007-2010 жылдары аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, бөлімі бастығының міндетін атқарушы, 2010-2013 жылдары аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, 2013-2015 жылдары аудандық мәслихат аппараты тұрақты комиссиялар бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, 2015-2019 жылдары Созақ ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, 2019-2022 жылдары Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, 2022 жылдың мамыр айынан шілде айына дейін Созақ ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, 2022 жылдың шілде айынан 2026 жылдың қараша айына дейін Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарған.
Жанұялы.