Жаңалықтар блок
- 19 қазан 2026ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
- 15 қазан 2026ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ!
- 14 қазан 2026ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП, ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІСІ АРТЫП КЕЛЕДІ
- 13 қазан 2026Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
- 09 қазан 2026«ӘН – КӨҢІЛДІҢ АЖАРЫ» МӘДЕНИ КЕШІ ӨТТІ
Қызмет бағыты
Құжаттар
Барлық құжаттарТөтенше қызметтердің телефондары
102
Полиция101
Өрт қызметі112
ТЖ құтқару қызметі103
Жедел жәрдем104
Газ қызметі102
Полиция101
Өрт қызметі112
ТЖ құтқару қызметі103
Жедел жәрдем104
Газ қызметі102
Полиция101
Өрт қызметі112
ТЖ құтқару қызметіОрдабасы ауданы

ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Ордабасы ауданы Шымкенттiң солтүстiк батысына қарай орналасқан. Оңтүстiгi - Қазығұрт, шығысы - Сайрам, солтүстiгi - Бәйдібек, батысы - Түркiстан, Отырар, Арыс аудандарымен шектеседi. Жер көлемi 265 561 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 208 мың 662 га, оның ішінде жайылымы 103 992 гектар.
Ордабасы (бұрынғы Бөген) ауданы 1964 жылы 3-наурызда құрылды. Аудан территориясы Қажымұқан, Шұбар, Бөржар, Бадам, Қараспан, Бөген, Жеңiс, Қарақұм, Төрткүл, Шұбарсу ауылдық округтерге бөлiнген.
АУДАН ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРІ
Ордабасы ауданы /1993 жылға дейiн Бөген ауданы болып аталды/ Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңестің 1964 жылғы ақпан айындағы Жарлығына сәйкес Түркiстан, Арыс, Алғабас және Сайрам аудандарының негiзiнде, солардың территориясынан еншi алып, өз алдына аудан болып құрылды.
Орталығы Темiрлан ауылы болды. Оған төмендегi ауылдық кеңестер қарады. Алғабас ауданынан - Бөген, Борлысай, Глинково, Жамбыл, Майбұлақ және Орлов; Түркiстан ауданынан - Бадам, Қараспан, Көлтоған, Темiрлан, Шұбар; Созақ ауданынан - Алғабас, Қосақжар, Мыңбұлақ, Қызылқұм ауданынан - Задария.
1964 жылғы сәуiрде Темiрлан мен Шұбар ауылдық кеңестерi бiрiгiп, Темiрлан ауылдық кеңесi (орталығы Темiрлан ауылы), Көлтоған мен Қараспан ауылдық кеңестерi бiрiгiп, Қараспан ауылдық кеңесi (орталығы Обручев ауылы) болды. Ал, сол жылдың мамырында Бөржар мен Ақдала ауылдық кеңестерi құрылды. Сол жылдың желтоқсанында Алғабас, Бөген, Борлысай, Глинково, Жамбыл, Қосақжар, Майбұлақ, Мыңбұлақ, Орлов ауылдық кеңестерi Алғабас ауданына қайтарылды.
1965 жылдың қаңтарында Сайрам ауданының Қатынкөпiр, Ленин ауданының Монтайтас ауылдық кеңестерi осы ауданға қарады. Ал 1967 жылдың қаңтарында Монтайтас ауылдық кеңесi Ленин ауданына қайта қосылды.
1967 жылдың қазанында Жаңаталап ауылында Жаңаталап ауылдық кеңесi ұйымдастырылды.
1968 жылы Түркiстан ауданынан Сыпатаев атындағы және «Октябрь» жемiс-жидек кеңшарлары қосылды.
1973 жылы Бөген құс фабрикасы, 1980 жылы «Мерей» құс фабрикасы құрылды.
1978 жылы Сыпатаев атындағы кеңшарынан «Көкарал» кеңшары еншi алып шықты.
1980 жылы «Ордабасы» мал бордақылау бiрлестiгi ұйымдастырылды, сөйтiп, аудан шаруашылығының саны ұлғайды. 1986 жылы «ХХI партсъезд» атындағы, «Шымкент» жемiс-жидек кеңшарлары мен «Шымкент» құс фабрикасы Сайрам ауданының құрамына берiлдi.
1988 жылғы 25-шiлдеде Бөген ауданы таратылып, Арыс қалалық Кеңесiнiң қарамағына кiрдi.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1989 жылғы 13-қазандағы №4178-VI Жарлығымен Бөген ауданы қайта құрылды. Ал, бұрынғы «Задария» қаракөл қой зауыты, «Дермене» дәрi-дәрмектiк, «Ақдала» қаракөл қой кеңшарлары Арыс ауданының құрамында қалып қойды.
Корольков қызғалдағын көргіңіз келсе, Ордабасы тауына келіңіз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТІРЛІГІ «ОРДАБАСЫ» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ – МӘДЕНИ ҚОРЫҒЫ» РМҚК
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТІРЛІГІ
«ОРДАБАСЫ» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ – МӘДЕНИ ҚОРЫҒЫ» РМҚК
Ордабасы қорығы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1993 жылғы 26 мамырдағы № 1213 қаулысымен «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени және табиғи қорығын құру туралы" Жарлығына сәйкес құрылды.
1726 жылдың көктемінде Қазақ халқының дана билері Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұйғаруымен Ордабасы тауында Ұлы жиын өтіп, халқымызды жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық майданын ашуға ортақ шешім жасап, ұлт болып бірігуге бәтуаласты. Сол жиында Қазыбек бидің ұсынысымен кіші жүз ханы Әбілхайыр қазақ әскерінің бас қолбасшысы болып сайланып, Қанжығалы Бөгенбай батыр ұрыс туын көтерді. Осы бірігудің арқасында қазақ жасағы 1727 жылы Бұланты мен Білеуті өзені бойындағы "Қара сиыр" деген жерде қалмақ жасағына ойсырата соққы беріп, жеңіске жетті. Содан бері ол жер "Қалмаққырылған" деген атпен тарихта қалған болатын.
1993 жылдың 26 – 28 мамыр күндері Ордабасы тауында қазақтың Ұлы тұлғалары Төле, Қазыбек, Әйтеке билерді, және 1726 жылғы Ұлы жиынды мәңгі есте сақтау мақсатында, Қазақстан Республикасыны Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Еске алу» күндері болып өтті. Еске алу күндеріне арнайы қонақ ретінде Өзбекстан Президенті И. Каримов, және Қырғызстан Президенті А. Ақаев шақырылған болатын. Үш туысқан ел басшылары қазақ халқының қасиетті жеріндегі "Бірліктөбеге" көтеріліп мәңгілік достық меморандумына қол қойды. Сонымен қатар болшақта еліміздің бірлігі мен жеріміздің тұтастығын сақтап қалуда зор үлес қосқан : Төле, Қазыбек, Әитеке билердің құрметіне ескерткіш кешен орнатылсын деген ниетпен кешеннің орны белгіленіп, сол жерге белгі тас қойылған болатын.
Нәтижесінде 1997 жылдың 19 қыркүйегінде «Бірлік» монументальды ескерткішінің құрылысы аяқталып, ашылу салтанатына байланысты болған мерекелік жиынға қатысқан
Президент Н.Ә.Назарбаев тұрғызылған монументтің мән – маңызына айрықша баға берді. Ескерткіштің жобасын жасаған сәулетші: Ғ. Садырбаев
Монументтің биіктігі 28 метр, төменгі шеңберінің диаметрі 8 метр. Ескерткіштің үш бұрышындағы үш ұстын – Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің асқақ тұлғаларын білдіреді, билердің ұлағатты сөздері ескерткіштің әр бетінен орын алған. Монументтің ортасына бекітілген қазақтың қасиетті шаңырағы – ескерткіштің барлық жағынан бірдей ортақ көрініс тапқан, бұл – халқымызды ұлттық санасының қалыптасуына үндегендей. Шаңыраққа ілінген тұмар «бірлігімізге көз тимесе екен» - дегенді білдірсе , одан төменірек тербетілген шашбау – сылдырауық « құлақтарың түріп жүрсін , ел мен жерді қорғаңдар,» деген бабалардың ұрпақтарына өсиетін білдіреді. Ескерткіштің жоғарғы жағындағы хан қалпағының бейнесі – «Жүзге бөлінбей тұтас бір хандықтағы іргелі мемлекет болсақ» дегенді ұғындырады. Алдыңғы алаңнан орын алған « Ордабасы – ел жүрегі , жер кіндігі » деген Елбасы сөзі жазылған тұғыртастың да мән – маңызы өте жоғары .
Еліміздің көк байрағы желбіреген « Бірліктөбе » - теңіз деңгейінен 530 м биікте, ауа райының тынық кезінде жүз шақырымға дейінгі жер көзге шалынады. Ордабасы тауында архиолог мамандардың зерттеулерінің нәтижесінде осы тауда бұдан екі жарым мың жылдай уақыт бұрын жерленген 140 обадан тұратын 28 археологиялық ескерткіш орналасқандығы анықталды. Қорық шекарасының сыртында қалған 40 обадан тұратын 12 археологиялық ескерткіш орналасқан. Қорық аумағында орналасқан ескерткіштерді; 4 обалар қорымы,10 обалар тобы, 13 жекелеген обалар, 1 қарауылтөбе құрайды. Шекара сыртында орналасқан ескерткіштерді; 10 обалар тобы, 2 жеке обалар құрайды.
Қорық аумағындағы ескерткіштердің хронологиясына келетін болсақ қорық аумағында орналасқан обалардың ішінде б.д.д.ІІ -б.д.ІІІ ғғ. жататын ескерткіш (оба) – 1, б.д.д.VII-IV ғғ. жататын ескерткіштер – 4, б.д.IV-VI ғғ. жататын 22 ескерткіштер және Х-ХІІ ғғ. тән қарауылтөбе. Қорық шекарасының сыртында жатқан ескерткіштердің ішінде б.д.д.VII-IV ғғ. жататын ескерткіштер (обалар) – 3, б.д.IV–VI ғғ. жататын 9 ескерткіштер болып табылады. Ордабасы қорығының жалпы аумағы – 1134 га, 10 гектар жерге сәндік және жеміс ағаштары қондырылған. Ел өткенін құрметтемесе, болашағына нақты қадам баса алмайды . Өткен қилы кезеңдерде айшықты даналығымен халқымыздың жүрегінен мәңгілік орын алған Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің рухы бүгінгі біздің тыныс – тіршілігімізбен біте қайнасып жатыр. Қасиетті де киелі Ордабасы қашанда халқымыздың ұлттық мақтанышы болып қала береді .
Ордабасы ауданындағы тарихи – өлкетану музейі МКҚК

Ордабасы ауданындағы тарихи – өлкетану музейі МКҚК
Ордабасы ауданының құрылуына 40 жыл толу мерекесіне орай 2005 жылы 22 қыркүйек айында облыс әкімі Б. Жылқышиевтің №516 қаулысымен ашылды. Мекеме ғимараты 1977 жылы қаланған. Бұл ғимарат алғашында 2 бөлмелі мемориалдық «Қажымұқан үйі» болып ашылған. 2001 жылдан аудандық ЗАГС мекемесі, 2005 жылдан бастап «Ордабасы ауданындағы тарихи – өлкетану музейі» қарамағына берілді.
Музейдің негізгі мақсаты келешек ұрпақтарға ғылыми жасақталған негізде Қазақ халқының бай ұлттық-тұрмыстық мәдениетін таныстырып, өз өңірімізді таныстыра отырып, жастардың бойына, өз өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін оятып, ұлттық мәдениетіміздің даму ерекшелігін сезіндіріп қалыптастыру. Музейдегі жәдігерлер Ордабасы өңіріндегі тарихи-оқиғалар туралы сыр шертеді. Музей үш бөлімнен тұрады.Ғылыми бөлім: Ауданымыздың тарихы, ақын жазушылар, Кеңес одағының батырлары, ауданды басқарған хатшылар туралы деректер орналасқан.Этнографиялық бөлім: Қазақ халқының ерте заманда пайдаланған бұйымдары, салт – дәстүрге байланысты жәдігерлер кеңінен қойылған. Археологиялық бөлім: Қараспан төбе, Алтынтөбе, Күлтөбе қалашықтарынан қазба жұмыстары кезінде табылған қыш бұйымдар орналасқан.
ҚР тұңғыш мемлекеттік 1992 жылғы Елтаңбасы

ҚР тұңғыш мемлекеттік 1992 жылғы Елтаңбасы
Егеменді Қазақстан елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот – Аман Уалиханов. Елтаңба ел басы мінберінің оңтүстік бетінде орналасқан.
Биіктігі – 122 см.
Ені – 114 см.
Орынтақ макеті

Орынтақ макеті
Орынтақ макеті 2011 жылы тау тастарынан (гранит) қаланып жасалған. Орындық бөліктен тұрады, арт жағынан биік ұстын қойылған. Орынтақтың биіктігі – 50 см. Ұзындығы үш бөлігін қоса алғанда – 1,5 м. Ұстынның биіктігі – 2,05 см Қалындығы – 40 × 45 см.
Тай қазандар
Тай қазандар
Қазандар 1997 жылы орнатылған. Саны үшеу. Қара темірден жасалған. Қазанның шеңберінің диаметрі – 1,16 м. биіктігі – 1,04 м. өрнектелген үш аяғы бар, үш құлақты, арқардың басы бейнеленген. Сұр түсті бояумен сырланған.
Жүрек тас

Жүрек тас
Үлкен жартасқа түскен жүрек таңбасы бар табиғи көрініс. Жартас артында қолдан үйілген мұнара көрінеді. Алдынғы оң жағында отыруға ыңғайлы қой – тас орналасқан. Ұзындығы – 3,75 м. Биіктігі – 1,68 м. Мұнара биіктігі – 2,20 м. Астынғы жағының диаметрі – 3 м. Ұшар басы – 70 см.
Ашық аспан астындағы сахна
Ашық аспан астындағы сахна
Ашық аспан астындағы сахна 1993 жылы ұлы бас қосуда Қазақ, Қырғыз және Өзбек елінен келген өнерпаздардың өнер көрсеткен орны. Сахна темір және бетоннан құрастырылған. Ұзындығы – 29,5 м. Ені – 14,5 м.
Хан шатыры макеті

Хан шатыры макеті
Хан шатыры макеті 1993 орнатылған. 1997 жылы Елбасы «Бірлік» монументін ашу салтанатына келген кезінде осы шатырға кіріп дәм татқан болатын. Хан шатыры темірден құрастырылған, 12 қанатты әр қанатының биіктігі – 2,8 м. Шаңырағының диaгoналы – 2 м. Шарбағының биіктігі – 1 м. Ту ұстынының биіктігі – 13м. Үстіңгі шеңберінің диаметрі – 1,8 м. Астынғы шеңберінің диаметрі – 3,5 м.
Басшылық

8 72530 79 415
a.oralbaev@ontustik.gov.kz
Медиагалерея
Барлық медианы қарау
0106 желтоқсан 2024Жыл қорытындысы: Ауыл шаруашылығын дамыту
0010 ақпан 2022Хабарландыру
0109 қыркүйек 2021Президентік жастар кадр резерві жобасына қатысудың жолдары

















