Жалпы ақпарат

Түркістан облысы құрылыс басқармасының басшысы
Басқарма туралы
«Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Түркістан облысы аумағында құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Міндеттері: облыс аумағында құрылыс және құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Функциялары: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру; Құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік коммуникацияларын салу; Объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу; Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.