Жұмыспен қамту секторының жұмысы туралы

Иллюстрация: группа людей разных профессий на фоне крупных значков воспроизведения видео.

Жұмыспен қамту секторы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты:
1.  Қаланың еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау жүргізу. Кадрларға болжамды қажеттілік бойынша қаланың кәсіпорындарымен және ұйымдарымен жұмыс;
2.  Ұлттық жобалар, өңірлік жұмыспен қамту картасын дамыту жоспарлары және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде жұмыс орындарын құруға мониторинг жүргізу;
3.  Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» және «Еңбек жолы» республикалық конкурстарына қатысушылардың құжаттарын жинау және дайындау;
4.  Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу бойынша қаланың кәсіпорындарымен және мекемелерімен жұмыс жүргізу;
5.  Сектордың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
6.  Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияға материалдар дайындау;
7.  «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін уақтылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке мониторинг жүргізу;
8.  Азаматтардың жекелеген санаттарын (мүгедектігі бар адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды) жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орандарына квота беру үшін құжаттарды дайындау;
9.  Әлеуметтік қолдауға мұқтаж халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізу;
10.  Жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;
11.  Еңбек заңнамасының нормаларын сақтау бойынша қаланың мекемелерімен және кәсіпорындарымен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;
12.  Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау жөнінде облыстың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныстар енгізу;
13.  Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау арқылы іске асырады.

«Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығы

Жаңалықтар

Барлық жаңалық