Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысу бойынша жұмыс берушілерге арналған жаднама
Арнайы жұмыс орындары – бұл жұмыс берушілер тарапынан мүгедектігі бар адамдардың жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін (көру, есту қабілетінің бұзылуы, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы) ескере отырып, мемлекеттік қолдау шараларын қолдану арқылы құрылатын және (немесе) жабдықталатын жұмыс орындары.
Бағдарламаға қатыса алады:
- меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілер;
- жеке кәсіпкерлер;
- Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
Қандай мемлекеттік қолдау көрсетіледі?
- Жұмыс орнын құру және жабдықтау шығындарын субсидиялау
Еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің мүгедектігі бар қызметкердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы жабдықтарды сатып алу және жұмыс орнын жарақтандыру бойынша шығындарын өтейді.
- Еңбекақыны субсидиялау
Шарт негізінде мемлекет мүгедектігі бар жұмысқа орналасқан тұлғаның еңбекақысының бір бөлігін ай сайын субсидиялайды:
- алғашқы 12 айда – еңбекақының 70%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;
- 13 айдан 24 айға дейін – 65%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;
- 25 айдан 36 айға дейін – 60%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.
Жұмыс берушінің қатысу тәртібі
- Мансап орталығына жүгініп, арнайы жұмыс орнын құруға өтінім беру.
- Шығындар сметасын толтырып, Еңбек мобильділігі орталығынан келісім алу.
- Бекітілген шығындар сметасына сәйкес арнайы жұмыс орнын құру және растайтын құжаттарды ұсыну.
- Еңбекақыны субсидиялау туралы Еңбек мобильділігі орталығымен 3 жыл мерзімге шарт жасасу.
- Мүгедектігі бар адаммен еңбек шартын жасау.
- Ай сайын арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған тұлғалар бойынша мәліметтерді (табель) Еңбек мобильділігі орталығына ұсыну.
- Субсидияларды белгіленген тәртіппен алу.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша Саран қаласы, Ленин даңғылы, 11-үй мекенжайында орналасқан Саран қаласының Мансап орталығына хабарласуға болады.
Телефон: +7 (72137) 7-48-07.
9
28 қаңтар 2026 16:07
28 қаңтар 2026