Жиі қойылатын сұрақтар
«Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру» немесе «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алу үшін жеке тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, денсаулық сақтау субъектісіне (көрсетілетін қызметті берушіге) жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші пациентке өз бетінше жүгінген кезде немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру» немесе «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Портал арқылы өз бетінше жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - құжат тапсырылған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.
Электрондық форматта мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында «Жеке кабинетке» жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі тиісті нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Диспетчер шақыртуды алған сәттен бастап қоңырауды өңдеу уақыты бес минутты құрайды, оның барысында қоңыраудың жеделдігі санаты бойынша сұрыптау жүргізіледі. Жедел медициналық көмекті шақырудың жеделдігі санаттарының тізбесіне сәйкес диспетчерден шақырту алған сәттен бастап пациенттің тұрған жеріне дейін бригаданың келу уақыты (10 минуттан 60 минутқа дейін).
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі арқылы.
- тікелей медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымы арқылы;
- «Электрондық үкіметтің» веб-порталы.
Медициналық ұйымдар ауруларға, жарақаттар салдарына және ақауларға байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларының кешенін жүргізгеннен кейін, анатомиялық ақаулары бар адамдарды және дене функцияларының елеулі немесе күрт айқын бұзылулары бар емделмейтін және оңалту әлеуеті жоқ науқастарды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе диагноз қойылған сәттен бастап төрт айдан ерте емес адамдарды МӘС-ке жібереді.
Адамды мүгедек деп тану үшін мынадай міндетті шарттардың бір мезгілде болуы негіз болып табылады:
- дене функцияларының тұрақты бұзылулары бар денсаулықтың бұзылуы;
- тіршілік ету әрекетінің шектелуі (адамның өзіне-өзі қызмет көрсетуі, өз бетінше жүріп-тұруы, бағдарлануы, қарым-қатынас жасауы, өзінің мінез-құлқын бақылауы, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінің немесе мүмкіндігінің толық немесе ішінара жоғалтуы);
- әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттілігі.
Ағзаның жасқа байланысты өзгерістері мүгедектік тобын белгілеуге негіз болып табылмайды.
ТМККК және МӘМС аясында амбулаториялық-емханалық, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде қамтылатын адамдарға медициналық көмектің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Диспансерлік есепте тұрған пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 05 тамыздағы №ҚР ДСМ – 75 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.