Жалпы ақпарат

Әмрин Сакен Өмірсерікұлы
Әмрин Сакен Өмірсерікұлы

Басқарма басшысы

Басқарма туралы

Мекеменiң миссиясы:

халық денсаулығын сақтауға және салауатты өмiр салтын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттiк саясатты жүргiзу.

Мiндеттерi:

салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру, азаматтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi мемлекеттiк, нысаналы және кешендiк бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;

денсаулық сақтау кадрларын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;

азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы салааралық ынтымақтастықты дамыту;

медициналық қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттiк тапсырысты қаржыландыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру.

денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру және өңiрлiк денсаулық сақтау бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;

азаматтарды және оралмандарды тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде уақытша бейiмдеу және детоксикациялау жөнiндегi медициналық қызметтер көрсетудi қоса алғанда, медициналық көмекпен, дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;

бөлiнген бюджеттiк қаражат шегiнде денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне мониторингтi жүзеге асыру;

денсаулық сақтаудың бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң функцияларын жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының Үкiметiмен белгiленген тәртiпте тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету жөнiндегi фармацевтикалық қызметтердi сатып алуды жүзеге асыру;

амбулаториялық деңгейде уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбеге сәйкес  — Қазақстан Республикасының Үкiметiмен белгiленген тәртiпте тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету шеңберiнде профилактикалық препараттарды сатып алуды жүзеге асыру:

медициналық мақсаттағы бұйымдарды, сондай-ақ күрделi жөндеу жүргiзуге арналған қызметтердi сатып алуды ұйымдастыру;

облыстың медицина ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

денсаулық сақтау саласындағы өңiрлiк электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң, ақпараттық-коммуникациялық желiлердiң құрылуы мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына беру;

төтенше жағдайлар кезiнде тегiн медициналық көмек көрсетудi, дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi үйлестiру;

гигиеналық оқытуды, салауатты өмiр салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастыру;

халықты әлеуметтiк маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулардың таралуы туралы хабардар ету;

азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша халықаралық және үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау;

тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде статистикалық әдiснама талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асыру;

облыстың ведомстволық бағынысты медицина ұйымдары басшыларының кәсiптiк құзыреттiлiгiне аттестаттауды жүргiзу;

өз құзыретi шегiнде гендерлiк саясатты iске асыру;

Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметтi, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;

фармацевтикалық бiлiмi бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан шалғайдағы елдi мекендерде алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiхана пункттерi, жылжымалы дәрiхана пункттерi арқылы дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткiзудi жүзеге асыру үшiн медициналық бiлiмi бар мамандарды оқыту және аттестаттау;

денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсiптiк құзыреттiлiгiне аттестаттауды өткiзу;

өз құзiретi шегiнде мемлекеттiк-жекеше әрiптестiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

медицина ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органының мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктерлi жүзеге асыру.

 

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты