Петропавл қаласының ветеринариялық станциясы КММ

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Петропавл қаласының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2012 жылдың сәуір айында құрылған.

Кәсіпорын қызметінің мәні СҚО Петропавл қаласының аумағында ветеринариялық-санитариялық салауаттылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорынның фирмалық атауы

мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Петропавл қаласының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

орыс тілінде: "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Петропавл қаласының ветеринариялық станциясы"коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Кәсіпорынның орналасқан жері, инд. 150002, Петропавл қаласы, Жабаева, 304. тел. 8(7152) 50-21-45

Кәсіпорынның негізгі міндеттері мен қызметі

Кәсіпорын қызметінің мәні ветеринария саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты Петропавл қаласының аумағында ветеринариялық-санитариялық салауаттылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық жұқпалы емес ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
Ауру жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету;
ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізу, ұсыну;
ветеринариялық анықтама беру;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;
биологиялық материалдың сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлері.
Ауру жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету.

  • http://vet-petropavl.sko.kz/