"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Айыртау ауданының білім бөлімі" КММ басшысы
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы
Солтүстік Қазақстан облысы
142461 - 192366
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Педагогика және психология
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
- Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
- Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Арнайы педагогика мамандарын даярлау
Қосымша талаптар
Санатына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламаларында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі;
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;
осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі;
осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Мемлекеттік тілді білу
Функционалды міндеттер
Білім бөлімі қызметін ұйымдастырады және басшылыққа алады және бөлімге жүктелген міндеттердің және оның өз міндеттерінің іске асырылуына жеке жауапты.
Бюджеттік қаражаттың тиімді және мақсатты пайдалануына, олардың уақтылы игерілуіне, креддиторлық және дебиторлық берешекке, тауарлық-материалдық құндылықтарды уақтылы кіріске алу және есептен шығаруға, құжаттардың дұрыс ресімделуіне және жасалған операциялардың заңдылығына жеке жауапты.
Жұмыскерлерді қабылдау және босату, тәртіптік жаза қолдану сұрақтарын шешеді, мемлекеттік мекеменің қызметкерлері арасындағы функционалдық міндеттерді бөледі, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс тәртібін белгілейді; еңбекақы төлеу мәселесін шешеді, бюджетті жұмсау сұрақтарын шешеді, бөлімнің сметасы мен штаттық кестесін бекітеді, негізгі қызмет пен жеке құрам бойынша бұйрықтар шығарады.
Жеке дара қағидатта әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және бөлімнің Ережесімен белгіленген құзіретке сәйкес бөлімнің қызметтік мәселелерін дербес шешеді.
Білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуді іске асырады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің оқыту-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық етеді, бұл жағдайда қабылданған шешімдердің салдарларына толық жауаптылықпен.
Жұмысқа қажетті жағдайлар жасауға, жұмыскерлердің денсаулығын қорғауға қажетті жағдайларды және бақылауды қамтамасыз етеді. Ауданның білім бөлімінің мүлкіне және қаражатына иелік етеді. Бөлімнің оқыту-материалдық базысының сақталуы мен толықтырылуын, есепке алынуын, ішкі тәртіп ережелерінің және жұмыс тәртібінің қадағалануын қамтамасыз етеді.
Азаматтық қорғаныс саласы мен төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады.
Аудан мектептері Директорлары кеңесінің жұмысына басшылық етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.08.2021
- СҚО Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 58 каб. 601
-
тел. 8(715-2)465135