Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне стипендия «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және мөлшерлеу қағидаларын бекіту туралы» № 116 қаулыға сәйкес төленеді.

Бірінші академиялық кезеңге арналған мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бірінші курсқа (бірінші оқу жылына) қабылданған барлық студенттерге тағайындалады және 1 қыркүйектен бастап бірінші академиялық кезең мен демалыс аяқталғанға дейін ай сайын төленеді.

Кейінгі академиялық кезеңдерде мемлекеттік стипендия студенттерге тағайындалады және осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес алдыңғы академиялық кезең үшін аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) нәтижелері бойынша төленеді.