«Бақытты балалық шақ аумағы» қайырымдылық акциясы туралы

Шаймерденов Бiржан Әбдiлманұлы

Шаймерденов Бiржан Әбдiлманұлы «Дайындық-Агро» ЖШС басқарады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары: «Құрмет орденi», «Парасат орденi», «Ерен еңбегi үшiн» медалi, «Ауыл шаруашылығының еңбек сiңiрген қызметкерi» атағы бар.

«Парыз-2017» байқауының жеңiмпазы. Бiржан Әбдiлманұлы әлеуметтiк саланы белсендi қолдайды, Дайындық ауылының дамуына және ауыл мектебiнiң проблемаларына көп көңiл бөледi:

  • 2002 жылы дайындык негiзгi мектебiнде Бiржан Әбдiлманұлы күрделi жөндеу жүргiздi, оған 15 млн. теңге бөлiндi;
  • 2016 жылы Бiржан Әбдiлманұлы 16 млн. теңге сомасына шағын орталықтың жеке ғимаратын және ауыл балаларына арналған спорт алаңын салды;
  • 2018 жылы мектепте 58 млн. теңге сомасына қайта күрделi жөндеу жүргiзiлдi және спорт залы қосылды;
  • 2021 жылы Бiржан Әбдiлманұлының демеушiлiгiмен мектеп жанындағы аумақты абаттандыру жүргiзiлдi.

Бiржан Әбдiлманұлы көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың, жетiм балалар мен мүгедек балалардың проблемаларына бей-жай қарамайды.

Осылайша, жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында жаңа оқу жылы басталар алдында ол шағын орталығының тәрбиеленушiсi Сұраған Меруертке (мүгедек бала) 800 мың теңге сомасына екi есту аппаратын сатып алды.

Бiржан Әбдiлманұлы жыл сайын балаларға қуаныш сыйлап, жаңа жыл мен балаларды қорғау күнiне сыйлықтар тарту етедi.

Екi жыл бойы Бiржан Әбдiлманұлы мектептiң барлық оқушыларын тегiн тамақпен қамтамасыз етедi.

«Дайындық» ЖШС басшылық еткен кезеңде Бiржан Әбдiлманұлы ауыл мен мектептiң дамуына елеулi үлес қосты.

«Бақытты балалық шақ аумағы» қайырымдылық акциясы туралы «Бақытты балалық шақ аумағы» қайырымдылық акциясы туралы

Жарияланған күні

17 тамыз 2022

Жаңарту күні

17 тамыз 2022