Бiлiм басқармасы 1 сәуiр күнi «Асыл Мирас» аутизмi (аутистiк спектрдiң бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталық)» КММ базасында Дүниежүзiлiк аутизм туралы ақпарат тарату күнiне (2 сәуiр) арналған дөңгелек үстел өткiздi

Iс-шараға қалалық емханалардың, психикалық денсаулық орталығының, СҚО және Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерiнiң, Петропавл қаласының бiлiм бөлiмiнiң өкiлдерi қатысты.

Дөңгелек үстелдiң негiзгi мақсаты — балалар аутизмiн ерте анықтау үшiн ведомствоаралық өзара iс-қимылдың маңыздылығы.

Iс-шара нәтижелi өттi, аутистiк спектрi бұзылған (АСБ) балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша мәселелер, алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСК) деңгейiнде балалардағы психофизикалық скринингтер, АСБ балаларымен психикалық денсаулық орталығының (ОПЗ) жұмысы амбулаториялық-емханалық және стационарлық деңгейде қаралды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар барлық мүдделi ведомстволардың ынтымақтастығын жақсарту және одан әрi дамыту бойынша ұсыныстар әзiрледi.

Жарияланған күні

01 сәуір 2022

Жаңарту күні

01 сәуір 2022