Колледждiң 100 жылдығы М. Жұмабаев атындағы


Ақсақалов Құмар Іргебайұлы

Биыл Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждiң құрылғанына 100 жыл толды. Колледждiң ғасырлық мерейтойына орай Қазақстан Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хатын жолдады. Бүгiн Президенттiң хатын колледж ұжымына тапсырып, атаулы мерекемен құттықтадым.

Бүгiнде колледж елiмiздегi үздiк оқу орындарының қатарында. Қазақтың ұлы ақыны Мағжанның оқытушылық iсiн бүгiнгi ұстаздар абыроймен жалғастырып келедi. 100 жылда бiлiктi педагогтер 30 мыңнан аса маманды даярлап шығарды. Еңбек нарығында бiлiм ордасының түлектерi үлкен сұранысқа ие. Тарихы бай колледждiң мәртебесi өсе берсiн.

Жарияланған күні

26 қараша 2020

Жаңарту күні

26 қараша 2020