Өңiрлiк кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен құқықтары

Өңiрлiк кеңестiң негiзгi мiндеттерi:

  1. бiлiктi кадрларды даярлау және қайта даярлау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыруға жәрдемдесу;
  2. техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
  3. экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
  4. бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету үшiн қолайлы құқықтық және инвестициялық жағдай жасау;
  5. кадрларды даярлауға және қайта даярлауға жұмыс берушiлердiң қатысуын қамтамасыз ету;
  6. кадрлар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыру үшiн еңбек нарығының бiлiктi кадрларға сұранысын жоспарлау мен болжау;
  7. кадрлар даярлаудың сапасын жақсарту және дуальдi оқытуды енгiзу;
  8. техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi басқару мен қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру;
  9. кадрлар даярлауға, кәсiптiк стандарттарды әзiрлеуге, қоғамдардың бiлiктiлiгiн бағалауға мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, жұмыс берушiлердiң қатысуы;
  10. бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасын ұйымдастыру және бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру.

5. Өңiрлiк кеңес өз мiндеттерiне сәйкес:

  1. кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiнде кәсiптiк-техникалық кадрларды даярлау бойынша ұсыныстар енгiзедi;
  2. өңiр экономикасын бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлейдi;
  3. Өңiрлiк кеңестiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды.
Жарияланған күні

19 қазан 2020

Жаңарту күні

19 қазан 2020