"Техникалық білім беруді дамыту-стратегиялық міндет"тақырыбы бойынша облыстық дөңгелек үстел

Көру саны:2
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 22 мамырда Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы "Жалел Қизатов атындағы Жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК базасында "Техникалық білім беруді дамыту-стратегиялық міндет" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ және Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шара мақсаты:
Солтүстік Қазақстан облысының ТжКБ жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын қарастыру, жұмысшы кадрларды даярлау процесін одан әрі жетілдіру және жаңғырту перспективаларын айқындау.
Қатысушылар:
СҚО колледждерінің студенттері мен оқытушылары,
Кравчук Александр Юрьевич - Есіл ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі орынбасары,
Асқар Ескендірұлы Нұрымов - Есіл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы,
Бимаканов Нұрлан Манапұлы – «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің СҚО Есіл аудандық филиалының төрағасы.
22 мамыр 2025
22 мамыр 2025