«КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджі

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджіне старт берілді, оған мектеп оқушылары, қосымша білім беру ұйымдары мен колледж студенттері арасынан 100-ден астам адам қатысты.

Челлендждің негізгі мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау.

Осы іс-шара аясында «Балбырауын», «Адай», «Көроғлы», «Ата толғау» және «Ерке сылкым» күйлерінің орындауындағы домбыра үні естілді.

Жарияланған күні

26 наурыз 2024

Жаңарту күні

26 наурыз 2024