«Үздік аспаз»

Жарияланған күні: 22 желтоқсан 2023
Жаңарту күні: 22 желтоқсан 2023
Көру саны:3
2023 жылғы 21 желтоқсанда Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде облыс колледждерінің студенттері арасында «Үздік аспаз» мамандығы бойынша өңірлік кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: студенттердің «Аспаз» біліктілігі бойынша кәсіби даярлығын арттыруға, аспаздық өнерді дамытудың келешек бағыттарын айқындауға, кәсіби шеберлікті жетілдіруге ықпал ету. Шығармашылық байланыстарды кеңейту және кәсіптік оқыту саласындағы жаңа идеялар, жетістіктермен алмасу.
Байқау қорытындысы бойынша:
- 1-орынды – Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің студенті Голец Сергей иеленді.
- 2-орынды – Новоишим аграрлық-техникалық колледжінің студенті Щука Анастасия иеленді.
- 3-орынды – И. Даутов атындағы Петропавл қ. қызмет көрсету саласы колледжінің студенті Лешков Эдуард иеленді.
Жарияланған күні
22 желтоқсан 2023
Жаңарту күні
22 желтоқсан 2023