«Ашық есік күні» акциясын өткізу
Жарияланған күні: 29 маусым 2023
Жаңарту күні: 29 маусым 2023
Көру саны:11
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысын орындау шеңберінде 2023 жылғы 27 маусымда халық үшін «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Кеңес алу үшін қаланың 80-нен астам тұрғыны жүгінді. Тұрғындардан балаларды балабақшаларға қабылдау, 1 сыныпқа қабылдау, колледждерге түсу, қосымша білім беру сияқты сұрақтар келіп түсті. Білім басқармасының мамандары келіп түскен барлық мәселелер бойынша түсініктеме берді.





Жарияланған күні
29 маусым 2023
Жаңарту күні
29 маусым 2023