Жиі қойылатын сұрақтар

Бастауыш бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары даярлық деңгейiне қарамастан, бiлiм беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ете отырып, алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтiзбелiк жылы алты жасқа толатын балаларды бiрiншi сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етедi. («Бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгiлiк қағидалары» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы.)