ОРТА БІЛІМ

ОРТА БІЛІМ

 

Мектептер желісі – 439 бірлік (мемлекеттік күндізгі мектептер – 427 бірлік, жекеменшік мектептер – 4 бірлік, арнайы мектептер – 7 бірлік, кешкі мектептер – 1 бірлік)

Контингент – 73 461 оқушы (мемлекеттік – 71 931 адам, жеке-1530).

Оқыту тілдері бойынша: қазақ тілінде– 102 бірлік (11 938 оқушы), аралас тілде – 112 бірлік (29 801 оқушы), орыс тілінде – 225 бірлік (31 722 оқушы).

Шағын жинақталған мектептер – 325 бірлік (74%), контингенті – 20 217 оқушы.

Мамандандырылған мектептер - 4 бірлік, контингенті - 1 297 білім алушы.

Арнайы мектептер - 7 бірлік, контингенті - 753 білім алушы (0-12 сыныптар).

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар - 3 бірлік.

 

Құрметті ата-аналар!

2026-2027 оқу жылына бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау бүкіл ел бойынша 27 мамырда басталып, кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында бірінші сыныпқа қабылдау 29 маусым мен 31 тамыз аралығында өтеді. Баланың құжаттарын egov.kz, электрондық үкіметтің веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы тапсыруға болады.

Бірінші сыныпқа алты жастан бастап балалар және осы жылы алты жасқа толатын балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.

Өтініш беру үшін ата-ана (немесе заңды өкіл) барлық қажетті құжаттарды тіркеуі тиіс:

  • Медициналық анықтамалар: «Иммундау паспорты» № 065-у нысаны және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысаны.

  • 3х4 см фотосурет

Электрондық үкімет веб-порталындағы өтінімдер egov.kz тәулік бойы қабылданады. Қызмет берушінің кеңсесі арқылы өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылданады.

Сұрақтарыңыз болса, call-орталықтарға мына телефон нөмірлері арқылы хабарласа аласыз: 8 (7152) 46-32-59, 8 (7152)46-36-41, 8 (7152)46-36-72