ҮЕҰ-ға арналған әлеуметтік жобалар

СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес 2024 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын көпшілік талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.

Көпшілік талқылау 2023 жылғы 28 желтоқсан мен 2024 жылғы 12 қаңтар аралығында 10 жұмыс күні ішінде онлайн форматта өткізіледі. Сұрақтар, түсініктемелер, ұсыныстар, ескертулер жазбаша түрде (zsp@sko.gov.kz электрондық мекенжайына) және ауызша түрде де (тел. 8 7152 465648) қабылданады, сондай-ақ, сайтта пікірлер қалдыруға болады.

Анықтама тел: 8 7152 465648.

Жарияланған күні

29 желтоқсан 2023 12:37

Жаңарту күні

29 желтоқсан 2023

Срок публичного обсуждения

15 қаңтар 2024