ҮЕҰ-ға арналған әлеуметтік жобалар
|
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру,іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларына 1-қосымша
|
2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбы |
Жоспарланған қаржы көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың мақсатты тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Мүгедектігі бар адамдарды (аутизм диагнозы бар) әлеуметтік бейімдеу және психологиялық қолдау үшін Life Crafting» орталығының кешенді қызметтерін ұсыну. |
ЖБ - 19 512,0 |
Шығармащылық орталықты ұйымдастыру жөніндегі жобаны іске асыру қажеттілігі аутизм диагнозы бар мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған психологиялық қоодауға, сондай-ақ қоғамға тиімді кірігуіне үшін қажетті тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға үйретуге байланысты туындап отыр. Жобаны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асыру (ҚР Әлеуметтік кодексінің 4-т. сәйкес) білікті заңгерлік және психологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, бұқаралық-ақпараттық және бейімдеуге арналған іс-шараларды іске асыру арқылы әлеуметтік кедергілерді жеңу үшін жағдайлар жасауға, сонымен қатар тәрбиелеу және күтім жасау мәселерінде ата-аналары мен қамқоршыларының құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. |
Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген және тұратын аутизм диагнозы бар мүгедектігі бар адамдар (кемінде 200 адам). |
Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық дағдыларды кешенді оқыту, психологиялық қолдау арқылы аутизм диагнозы бар кем дегенде 200 мүгедектігі бар адамды табысты әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету. |
29 сәуір 2026 14:14
29 сәуір 2026
14 мамыр 2026