Құрылым

Құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімше

Бөлімнің құзыретіне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жеке қабылдауды және қарауды ұйымдастыру; келіп түскен өтініштерді талдау, жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу; өтініштерді қарау шеңберінде берілген тапсырмалардың уақтылы және толық іске асырылуын бақылау кіреді.

Толығырақ

Телефон:

21-7-84

Электрондық пошта:

l.zholdybaeva@sko.gov.kz

Ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімше

Бөлімнің құзыретіне әкімнің жұмысын ақпараттық-талдамалық және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету кіреді

Жергілікті атқарушы органдардың өкілді және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын үйлестіру.

Толығырақ

Телефон:

21376

Электрондық пошта:

Ualih-akimat@sko.gov.kz

Мемлекеттік-құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімше

Бөлімнің құзыретіне аудан әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімі мен аппарат орынбасарларының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, әкімдіктің және аудан әкімінің, аппараттың мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғау кіреді, құқықтық мәселелерді қарау кезінде белгіленген тәртіппен әкімдіктің және аудан әкімінің, аппараттың мүдделерін соттарда, сондай-ақ басқа да органдарда білдіреді құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқықтық тәртіп пен заңдылықты қолдау, азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, әкімдік пен аудан әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және заңдық сипаттағы басқа да құжаттарды әзірлеуге қатысу, норма шығаруды жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Толығырақ

Телефон:

21334

Электрондық пошта:

sh.valeeva@sko.gov.kz

Персоналды басқару қызметі

Бөлiм құзыретiне аудан әкiмi аппараты құрылымдық бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы жұмысын үйлестiру кiредi. Конкурс рәсiмдерiн өткiзу. Кадр мәселелерi жөнiндегi тәртiптiк, конкурстық және өзге де комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру. Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкерлердiң жұмысын бағалайды, оларды қызметi бойынша жылжыту, тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту, қызметiнен босату және т.б. жұмысты атқарады. Кадрларды iрiктеу жұмысын жүргiзедi, мемлекеттiк қызметтi атқарумен байланысты шектеулердiң сақталуын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк қызметкерлердi тағылымдамадан өткiзудi, оларға тәлiмгерлiк жасауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады, мемлекеттiк қызметкерлердi көтермелеу тәртiбiн әзiрлейдi және т.б.

Толығырақ

Телефон:

87154221695

Электрондық пошта:

d.auganova@sko.gov.kz

Қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі құрылымдық бөлімше

Бөлімнің құзыретіне мыналар кіреді: аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін Қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету; Мекеменің қызметі және оның мүліктік жағдайы туралы толық және шынайы ақпаратты қалыптастыру; мекеменің шаруашылық операцияларды дұрыс жүзеге асыруы мақсатында мекеме басшысын ақпаратпен қамтамасыз ету; мүлік пен міндеттемелердің болуын және қозғалысын есепке алуды қамтамасыз ету, бекітілген нормаларға, нормативтерге және сметаларға, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына сәйкес материалдық және қаржы ресурстарын пайдалану, субъектінің шаруашылық қызметінің теріс нәтижелерінің алдын алу; Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау.

Толығырақ

Телефон:

21-3-95

Электрондық пошта:

Ualih-akimat@sko.gov.kz