Құрылым

Аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі

Аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі құзыретіне аудан әкімдігі, аудан әкімі, ауданның атқарушы органдары, аудан әкімінің аппараты, ауылдық округ әкімдері аппараттарының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру; әкімдік және аудан әкімінің нормативтік құқықтық актілері және құқықтық актілері, сондай-ақ өзге де заңдық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; консультациялық-кеңестік органдардың жұмысын қамтамасыз ету кіреді.

Толығырақ

Ұйымдастыру-бақылау мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімше

Құрылымдық бөлімше құзыретіне аудан әкімі және аудан әкімі аппаратының жергілікті өкілді және атқарушы өкімет органдарымен, мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдарымен ұйымдастыру және ақпараттық байланысын, есеп беру кездесулерін, апта сайынғы аппараттық кеңестерді, аудан әкімінің қатысуымен өтетін жиналыстар мен кеңестерін өткізуді әзірлеу және ұйымдастыру, аудан әкімін, аппарат бөлімшелерін мемлекеттік мекемелердің басшылығы арқылы қажетті анықтамалық-ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету кіреді.

Толығырақ

Қаржы-шаруашылық мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімше

Құрылымдық бөлімше құзыретіне аудан әкімінің қызметін қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, жалпыға бірдей әскери міндетті орындау шеңберіндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, аудандық ауқымдағы дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызметтері құрылмаған елді мекендерде өрттерді, алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, аудан ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға шығындарды қамтамасыз ету кіреді.

Толығырақ

Жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімше

Құрылымдық бөлімше құзыретіне аудан әкімі және аудан әкімінің аппараты қызметінде құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, аудан әкімінің жеке қабылдауын және жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарастырылуын ұйымдастыру кіреді.

Толығырақ

Персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімше

Құрылымдық бөлімше құзыретіне аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту кіреді.

Толығырақ

Телефон:

+7 71537 7-90-32

Электрондық пошта:

a.shovdina@sko.qov.kz