Құрылым
Бұқаралық спорт және инфрақұрылым бөлімі
Бөлімнің құзыретіне облыстағы дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру жұмыстарына басшылықты жүзеге асыру, облыс аумағында дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кіреді: халықтық спорттың облыстық ойындары, спорт түрлері бойынша облыстық жарыстар, спорт фестивальдері мен мерекелері. Спорт ғимараттары желісінің жұмысын үйлестіру. Іске асырылуы мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жүзеге асырылатын спорт объектілерін жоспарлау, салу және жөндеу бойынша мониторингті жүзеге асыру.
Бөлім басшысы:
Бестик Виктор ВасильевичТелефон:
+7 (715 2) 46-73-02Электрондық пошта:
Bestik@sqo.gov.kzСпорттық-ұйымдастыру бөлімі
Бөлім құзыретіне мемлекеттік, өңірлік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың, стратегия шеңберінде спортты дамыту жоспарларының орындалуын бақылау, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын, спорт саласын дамытудың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәліметтерді талдау және ұсыну, статистикалық есептерді қабылдау және тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастыру, Басқарманың жұмысы туралы анықтамалар, есептер, ақпараттар дайындау кіреді. Басқарма алқасының жұмысын ұйымдастыру. Кадр жұмысын ұйымдастыруды, спорт ұйымдарының басшыларын аттестаттауды, сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік спорттық тапсырысты заңды сүйемелдеуді жүзеге асыру. Басқарманың негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты үйлестіру. Құқықтық сипаттағы мәселелерді қарау кезінде сотта, басқа да органдарда басқарманың мүддесін білдіреді.
Жоспарлау-қаржы бөлімі
Бөлімнің құзыретіне бекітілген және нақтыланған бюджеттер бойынша бюджеттік өтінімдердің жиынтық жобасы мен жоспарын және бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша тұтастай алғанда оларға есеп айырысуды қалыптастыру; бюджетті нақтылауға қосымша қажеттіліктерді қалыптастыру; қаржыландыру жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; қаржыландыру жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізу және талдау; бухгалтерлік есеп, қаржылық және бюджеттік есептілік, басқарма аппаратының тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін және Басқарманың бюджеттік бағдарламаларын мемлекеттік сатып алу; бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржылық және бюджеттік есептілігін шоғырландыру; ведомстволық бағынысты мекемелердің жоспарлау-қаржылық қызметін үйлестіру.