Құрылым

Department of Employment and social programs of akimat of Shal Akyn district

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан аумағында әлеуметтік-еңбек қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

ұлтына, жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, саяси сенімдеріне, дінге көзқарасына және еңбек бостандығы құқығын іске асырудағы кез келген өзге де мән-жайларға және қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға қарамастан тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болған адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асыру;

жаппай жұмыссыздықтың алдын алу және ұзақ мерзімді жұмыссыздықты азайту;

тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

аз қамтылған азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің атаулылығы мен тиімділігін күшейту;

үздіксіз біліктілік пен кәсіби деңгейді арттыру;

бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету.

Толығырақ