Құрылым
Қоғамдық-саяси ахуалды талдау және мониторинг бөлімі
Тапсырма:
1) өңірде ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өңірдің жергілікті атқарушы органдарымен қоғамдық – саяси саладағы мемлекеттік саясаттың түйінді басымдықтарын іске асыру, қоғамдық-саяси ахуалға және ұсынылатын ақпарат сапасына мониторинг жүргізу жүйесі мен әдістемесін жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
3) өңірдегі ішкі саяси процестерді және олардың даму үрдістерін зерделеуді және талдауды қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс аумағында мемлекеттік рәміздерді қолдану мен орналастырудың мониторингі;
5) облыста болып жатқан қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты мониторингтеу, болжау және объективті зерделеу жүйесін ұйымдастыру, облыстағы қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу;
Бөлім басшысы:
Омирбаева Гульмира ДжамабайқызыҚоғамдық даму бөлімі
Бөлімнің құзыретіне облыстың үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету кіреді. Кәсіптік одақтар мен ардагерлер ұйымдарының қызметіне Мониторинг жүргізу және талдау, облыс аумағында орналасқан саяси партиялардың, қоғамдық-саяси қозғалыстардың филиалдары мен өкілдіктерімен өзара іс-қимыл жасау. ҮЕҰ қызметін мониторингілеу және талдау, ақпарат, ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау. Облыстың ҮЕҰ-на ұйымдастырушылық-практикалық, әдістемелік, консультациялық, ақпараттық қолдау көрсету. Облыста мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуына мониторинг пен талдауды ұйымдастыру.
Ақпараттық саясат бөлімі
Бөлімнің құзыретіне Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру кіреді. Бөлім Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруды, орналастыруды және іске асыруды, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар ақпараты қызметі штабының жұмысын бақылайды. Сондай-ақ, бөлімнің функционалына өңірдің ішкі саяси ахуалын, облыстың қоғамдық-саяси және мәдени іс-шараларын жедел жариялауды ұйымдастыру кіреді.
Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі
Бөлімнің құзыретіне этносаралық қатынастар саласындағы процестерді зерделеу және талдау, этносаралық қатынастарды нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша болжамдар мен ұсыныстар әзірлеу кіреді. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Өңірдің этникалық топтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық деректер базасын жинақтау, жүргізу және өзектендіру.
Этносаралық қатынастар саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру.
Этносаралық қатынастар саласында бірлескен іс-шаралар өткізу, аудандар мен Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдарына консультациялық көмек көрсету.
Бөлім басшысы:
Мұқанова Бағдат СәрсимбайқызыТелефон:
+7 (715 2) 46-51-82Электрондық пошта:
b.mukanova@sqo.gov.kz