Құрылым

«Петропавл қаласы әкімдігінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ»

Мақсаттары:

  1. қиын өмірлік жағдайға тап  болған отбасылар мен адамдарды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  2. адамдарға (отбасыларға) көмек және жан — жақты қолдау көрсету.

Функциялары:

  1. Мемлекеттік отбасылық саясат шараларын, оның ішінде неке мен отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;
  2. Өз Құзыреті шегінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамту бойынша жұмысты үйлестіру.
  3. Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
  4. Бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін бере отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсету;
  5. Мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
  6. Мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша еріктерімен, консультативтік кеңесші органдармен өзара іс-қимыл жасау;
  7. Мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;
  8. Өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қатысуымен өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
  9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу жөніндегі өзге де шараларды іске асыру.
  10. 1Орталықтың құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Орталық қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

Толығырақ

«Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012 жылғы 20 тамызда Петропавл қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-пайдалану қызметі» ШЖҚ КМК қайта ұйымдастыру жолымен құрылды.

Серіктестік қызметінің негізгі түрлері: Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй қорын күтіп-ұстау және қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын орындау мақсатында ТКШ жаңғырту бағдарламасын және қайта жаңарту бағдарламасын іске асыру болып табылады.

Толығырақ

Телефон:

8 7152 50 38 23

Электрондық пошта:

zsluzhba@bk.ru