Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруЖұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау шаралары ретiнде жұмыспен қамту туралы қолданыстағы заңнамамен мыналар қарастырылған:
- қолда бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
- еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзiмдi курстарда оқыту;
- бюджет қаражаты есебiнен еңбекақы төлеудi көздейтiн қоғамдық жұмысқа немесе әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
- кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту;
- 583400 теңгеге дейiн грант алу;
- жылдық 6% номиналды сыйақы мөлшерлемесiмен жеңiлдiктi несие беру (қалаларда 19 млн.теңгеге дейiн және ауылдық елдi мекендерде 7,3 млн. теңгеге дейiн) қарастырылған.
Жұмысқа орналасуға жәрдем алу және осы шараларды алу шарттары мен мерзiмдерiн нақтылау үшiн өзiмен бiрге жеке куәлiгi болған жағдайда, жұмыс iздеушi тұрғылықты мекенжайы бойынша орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгiне алады.
67-бапқа сәйкес. «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру шарттары», «Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елдi мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға берiледi. Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшiн кемiнде үш жыл тұрақты тұруы талап етiледi.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне;
1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
1-2) "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi. Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кiрiсi тұрғынжай беру туралы өтiнiш жасау алдындағы соңғы он екi айда отбасының әрбiр мүшесiне республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 3,1 еселенген мөлшерiнен төмен болуға тиiс;
2) осы Заңның 68-бабының 1-1) — 5), 7,) 8), 10) және 11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтiнiш жасаудың алдында соңғы он екi ай iшiнде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбiр мүшесiне республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3,1 еселенген мөлшерiнен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.
Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3,1 еселенген мөлшерiндегi коэффициент мүгедек балаларға қолданылмайды;
3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлiкке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерлерiне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
4) жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға негiздер болған жағдайда азаматтар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (ХҚКО) филиалының Халыққа қызмет көрсету жөнiндегi Петропавл қаласының №1, №2, №3 бөлiмдерi арқылы тиiстi өтiнiшпен жүгiнуге құқылы.
Сондай-ақ, қандай да бiр санатқа тиесiлi мәртебесiн растайтын электрондық құжаттар қоса берiле отырып, Egov.kz сайт арқылы өз бетiнше электрондық өтiнiм беруге болады.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрi — Заң) реттеледi.
Заң.ың 74-бабына сәйкес, «Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай, … барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектiлiк тəртiбiмен берiледi».
Кезектiлiк үйлердiң тапсырылуына қарай iлгерiлетiледi, бұл ретте тұрғын үй мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға тiзiмдермен белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен берiледi.
«Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларына» сәйкес облыстың аудандарында және Петропавл қаласында өмiрлiк қиын жағдай туындаған азаматтардың әлеуметтiк осал санаттарына әлеуметтiк көмек төлемдерi көзделген.
Облыстың аудандарында және Петропавл қаласында өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек тiс протездеуге, санаториялық-курорттық емделуге, ауруханаға жатуға жол жүруге, коммуналдық қызметтердi төлеуге және отын сатып алуға; студенттердi емдеуге, оқытуға, құжаттарды қалпына келтiруге, бiрiншi қажеттiлiк тауарларын сатып алуға берiледi.
Көмек көрсету үшiн жүгiнген кезде өтiнiш берушi:
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн талап етiледi);
- адамның табысы туралы мәлiметтер (табыстарды есептемегенде көмек көрсету кезiнде — мәлiметтер ұсынылмайды);
- өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және / немесе құжат.
Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсету үшiн азаматтар кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне, қаланың (ауданның) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне және «электрондық үкiметтiң» веб-порталына: www.egov.kz жүгiне алады.