Жиі қойылатын сұрақтар

Азаматтардың еңбек күшi көп өңiрлерден Солтүстiк Қазақстан облысына ерiктi түрде қоныс аударуы Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасына (бұдан әрi — «Еңбек» бағдарламасы) сәйкес жүзеге асырылады.

«Еңбек» бағдарламасы шеңберiнде көшуге субсидия төлеу түрiнде отбасының әрбiр мүшесiне 70 АЕК мөлшерiнде материалдық қолдау көрсету көзделген. Сондай-ақ, жалға берiлетiн тұрғын үйге орналастырылған жағдайда он екi ай iшiнде тұрғын үйдi жалдау бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар төлеу көзделген, төлемдердiң мөлшерi отбасының құрамына және елдi мекенге байланысты болады.

Сонымен қатар, қоныс аударушыларға жұмысқа орналасуға және кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу, қысқа мерзiмдi кәсiптiк курстарға жiберу көзделген.

Облыс аудандары туралы ақпарат (бос орындар, әкiмдiктердiң байланыс деректерi және басқалар) жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының сайтында орналастырылған.