Әбдірахманов Амангелді Есләмбекұлы
Қызылжар ауданы әкімі аппаратының басшысы
Жалпы ақпарат, білімі
Әбдірахманов Амангелді Есләмбекұлы 1977 жылғы 13 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы Қараағаш ауылында дүниеге келген. «Физика және информатика мұғалімі» және «Қаржы» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.
Мансап
Еңбек жолын 1993 жылы Петропавл қаласында СҚО Агроөнеркәсіптік комитетінің жалпы бөлімінде хатшы-машинистка болып бастаған.
Әр жылдары ҒЗЖ (ғылыми-зерттеу жұмысы) және ҒТҚ (ғылыми-техниалық құжаттама) экономикалық негіздеу бөлімінде аудармашы, жетекші маман, хатшы-референт, мәтінді кодтау операторы, бағдарламашы, ақпарат жөніндегі маман, менеджер-сарапшы, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшенің бас маманы, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы қызметтерін атқарды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты» КММ-де бас маман болып жұмыс істеді.