Құрылым

Индустриялық-инновациялық даму бөлімі

Бөлім жұмысының негізгі бағыттары:

Индустриялық-инновациялық жобаларды қарау және оларды мүдделі тұлғалардың қатысуымен Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу үшін ұсынымдар әзірлеу;

өңірде индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды үйлестіру, есептер дайындау;

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық жұмыста көмек көрсету;

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы ақпарат беру;

Облыс аумағында индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың іске асырылуын үйлестіруді қамтамасыз ету;

Өз құзыреті шегінде «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Толығырақ

Телефон:

+7 (7152) 36-05-07

Сауданы дамыту бөлімі

  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту бойынша есепті жүзеге асыру және уәкілетті органға ұсыныстар беру;
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту жөнінде ұсыныстар дайындау және жіберу;
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай материалдары бағаларының мониторингі;
  • бейбіт уақыттағы және жұмылдыру кезеңіндегі төтенше жағдайлар кезінде облыстық Сауда және тамақтану қызметтерінің, жанар-жағармай материалдарының жұмысын ұйымдастыру;
  • Солтүстік Қазақстан облысында азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Толығырақ

Телефон:

+7(7152)500169

Электрондық пошта:

l.galeeva@sko.gov.kz

Әкімшілік-қаржы бөлімі

Қаржы бөлімі ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ ақша түсімдері мен шығыстарының есебін жүргізеді; басқарма жұмысшылары мен қызметшілеріне жалақыны мерзімінде есептеу және төлеу; мемлекеттік мекемелермен және жеке тұлғалармен қаржыландыру жоспарларын орындау процесінде туындайтын есептерді уақтылы жүргізу; материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысу, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте көрсету; белгіленген мерзімде бухгалтерлік есептілікті жасау және ұсыну; мемлекеттік мекемелердің және жеке тұлғалардың; қаржыландыру жоспарларын және олардың есептерін жасау және басқарма басшысымен келісу; бастапқы құжаттарды, қағаз және электрондық тасығыштардағы бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, есептілікті, есепке алу деректерін электрондық өңдеу бағдарламаларын, оларға есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыру.

Толығырақ

Телефон:

+7(7152)360200

Электрондық пошта:

t.kazantseva@sko.gov.kz

Туризмді дамыту және лицензиялау бөлімі

Бөлім жұмысының негізгі бағыттары:

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыру және мониторингілеу;

Туроператорлық қызметті лицензиялау;

Туристік қызметтер нарығына талдау жүргізу және облыс аумағында туризімді дамыту туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсыну.

Толығырақ

Бөлім басшысының м.а.:

Неталиев Дамир Рустемұлы

Телефон:

+7(7152)363420

Кәсіпкерлікті дамыту және елішілік құндылық бағдарламалары бөлімі

Бөлім жұмысының негізгі бағыттары:

- өңірдегі кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша кәсіпкерлікті және инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру;

- кәсіпкерлік қызметті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді төмендетуге жәрдемдесу;

- жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу мәселелерін қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

Толығырақ

Телефон:

+7(7152)361362

Электрондық пошта:

msb38@sqo.gov.kz

Өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану бөлімі

Бөлімнің құзыретіне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша:

  • мемлекеттік саясатты іске асыруды ұйымдастыру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсаттар беру, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кіреді.
  • өнеркәсіптің өңдеуші салаларын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды ұйымдастыру;
  • өңірдің өңдеуші өнеркәсіп салаларының дамуына мониторинг жүргізу және талдау жүргізу;
  • өнеркәсіптің өңдеуші салаларының ірі және орта кәсіпорындарының өндірістік қызметінің мониторингі;
  • облыстың өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің қазақстандық мазмұнының мониторингіне қатысуды қамтамасыз ету;
  • кәсіпорындарды жүктеу бойынша сұрақтар әзірлеу;
  • өнеркәсіп салаларының дамуына мониторинг жүргізу және талдау жүргізу;
  • өндірушілердің және олар өндіретін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыруды жүзеге асыру;
  • халықаралық стандарттар негізінде техникалық регламенттерді, стандарттарды енгізу жөніндегі өңірлік жоспарды әзірлеуге және келісуге қатысу.
Толығырақ

Телефон:

8 7152 36 11 98

Электрондық пошта:

prom@sqo.gov.kz

Инвестиция тарту бөлімі

Бөлім жұмысының негізгі бағыттары:

- экономиканың басым секторларына отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға жәрдемдесу;

- Солтүстік Қазақстан облысының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу және сүйемелдеу;

- Солтүстік Қазақстан облысының аумағында инвестициялық саясатты жүргізуді (іске асыруды) қамтамасыз ету.

Толығырақ

Телефон:

+7(7152)503182

Электрондық пошта:

k.safonova@sko.gov.kz