«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ жетекші маман -бухгалтер

Мемлекеттік орган

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-R-5

Орташа лауазымдық айлықақы

84415 - 114854

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бухгалтерлік есепті толық көлемде ұйымдастыру және жүргізу, бухгалтерия бойынша есептілікті ұсыну. Штаттық кестеге сәйкес жалақыны есептеу бойынша жұмыс жүргізу. Бөлімнің мемлекеттік сатып алуын жүзеге асыру. Басқарма аппаратын ұстауға төлемдер мен міндеттемелер және оларға есеп айырысулар бойынша қаржыландырудың егжей-тегжейлі жоспарын жасау. Балансты құру және тапсыру, бөлімнің қаржыландыру жоспарын орындау. Міндетті төлемдер мен салық бойынша айлық есептер мен декларацияларды жасау және тапсыру. Кіріс ақша, түгендеу және негізгі құралдарды толық есепке алу, сондай-ақ олардың қозғалысына байланысты операцияларды есепке алуда уақытылы көрініс беру. Барлық бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын уақытылы игеру. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа беруді қамтамасыз етеді. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептерді жасау бойынша жұмыстарды орындау. Өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.01.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.01.2021 – 26.01.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.01.2021

Сұхбаттасу орны

150400, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим а., Абылай-хан көшесі, 28

Анықтама алу үшін байланыс

8(715-35)22-449