Жалпы ақпарат

Әкімдік туралы

Куйбышев ауданы 1969 жылы құрылған. 2002 жылдың 11 маусымында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан болып өзгертілді.

Аумағы — 11,09 мың ш.км., Солтүстік Қазақстан облысының аумағы бойынша үлес салмағы 11,3% құрайды, 3-ші орын.

2026 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 34312 адамды құрайды.

Аудан орталығы тұрғындарының саны 13000 адамды немесе 37,8 пайызды, ауыл халқының саны 26102 адамды немесе 62,2 пайызды құрайды.

Аудан орталығы — Куйбышев ауылынан 2002 жылы Новоишим ауылы болып өзгертілді, 2021 жылғы 1 қаңтарға халық саны 12137 адамды құрайды.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан әкiмiнiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты