«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Информатика
- Құқық және экономика негіздері
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Кітапхана ісі
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Негізгі функционалдық міндеттері:
Құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады. Жұмысты ұйымдастырады, құрылымдық бөлімшенің қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Мемлекеттік және орыс тілдерінде іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастырады. Аудан әкімінің шешімдері, өкімдері және аудан әкімдігінің қаулылары жобаларының мазмұндық мәнін бақылайды. Аудан әкімінің қарарына сәйкес ішкі хат-хабарлар поштасының қозғалу тәртібін бақылайды. Істердің жиынтық номенклатурасын және әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің индекстерін айқындайды. Арнайы нұсқаулыққа сәйкес іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды бақылайды. Бөлім жұмысының стилі мен әдістерін жетілдіру, аппараттағы құжат айналымын оңтайландыру бойынша шаралар қабылдайды. Ауылдық округтер әкімі аппаратында және аудандық бөлімдерде іс жүргізуде әдістемелік көмек көрсетеді. Бақылау құжаттары мен азаматтардың өтініштерін орындау мерзімдерін есепке алу жөніндегі жұмысты бақылайды. Аудан әкімі аппараты жанындағы азаматтарды қабылдау орталығының жұмысын ұйымдастыруды, аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының және ауданның жергілікті атқарушы органдары басшыларының жеке қабылдауын, консультациялық көмек көрсетуді, есептілікті тапсыруды бақылайды. Азаматтардың кеңестері мен қабылдауларына материалдарды бақылау және дайындау. Құжаттармен жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, нормативтік-нұсқау актілерінің талаптарын бұзу фактілері бойынша есепке алу мен талдау жүргізеді. Нұсқаулыққа сәйкес аппаратта құпиялылық режимін қамтамасыз етеді, қызметкерлерді құпия құжаттарға жіберуді ресімдеу және қайта ресімдеу үшін материалдар дайындайды. Қызметтік пайдалану үшін кіріс және шығыс құжаттарды есепке алуды және тіркеуді және оларды сақтауды қамтамасыз етеді. Бланкілерге тапсырыс беруді, есепке алуды және қол қоюға беруді, жоюға жататын құжаттарды іріктеуді және ресімдеуді қамтамасыз етеді. Құжаттарды басып шығаруды, ресімдеуді және жөнелтуді оларды белгіленген тәртіппен іске асыруды ұйымдастырады. Аудан әкімінің, аудан әкімі аппаратының елтаңбалық мөрін, мөртабандарды, елтаңбалық бланкілерді сақтайды, олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Істер номенклатурасына сәйкес құжаттарды дайындайды және мұрағатқа тапсырады. Жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатарынан мереке күндеріне кезекшілік кестесін жасайды. Аудан әкімі аппаратында және аудандық бөлімдерде электрондық құжат айналымы жүйесінде бақылау жүргізеді. Белгіленген тәртіппен құрылымдық бөлімшеге жүктелген функционалдық міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді. ( А Блогы )
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
i.sysoeva@sko.gov.kz
- 22.08.2025
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим а., Абылай-хан көшесі, 28
-
8(715-35)22-449