«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ бөлім басшысы

Мемлекеттік орган

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-R-1 (күші жойылды) (27.12.2024) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары

Орташа лауазымдық айлықақы

380392

Жалпы біліктілік талаптары

Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

 

Ескертпе: * – E-R-1 санатындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу кезінде, кандидатта ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі не бейіні бойынша доктор болған жағдайда, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкестігі міндетті емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Орман шаруашылығы
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Ветеринария
  • Биология
  • Биотехнология
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
  • Өсімдік шаруашылығы

Функционалды міндеттер

Жоғары тұрған органдар актілерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Дәнді және басқада ауыл шаруашылық дақылдарды өңдеу   технологияларын әрі қарай жетілдіру, агротехниканың жоғары деңгейінде ең қолайлы мерзімде егіс жұмыстарын жүргізуді қадағалауды жүзеге асырады. Бюджет қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуына, олардың уақтылы игерілуіне, кредиторлық және дебиторлық берешекке, тауар материалдық құндылықтардың уақтылы кіріске алынуына және есептен шығарылуына, құжаттардың дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына бақылауды жүзеге асырады. Өңделетін дақылдар мен сұрыптардың, топырақ ерекшелігінің, климаттық жағдайлардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу негізінде ауыспалы егістің, топырақты зиянкестерінен аурулар мен арамшөптерден қорғаудың ғылыми негіз жүйесін әзірлейді және енгізуге қолдау көрсетеді. Жерлерді тиімді қолдану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын басқада табиғатты қорғау іс-шараларымен бірлесе қорғау бойынша бағдарламалар әзірлейді. Агроқұрылымдарға ауыл шаруашылық дақылдарын күтіп-баптаудың қарқынды технологиясын енгізу және өнім сапасын өндіру мен арттыруды  ұлғайту мақсатында олардың тиімділігін арттыруға, еңбек және материалдық қорлар, негізгі қорлар, жерлерді тиімді қолдануға, салалар өндірісін сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізуде егіншіліктің ғылыми-негізделген жүйесін әзірлеу мен меңгеруде практикалық көмек көрсетеді. «Қазақстан Республикасында етті мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды талдайды және мониторинг жүргізеді. Етті мал шаруашылығы саласына мемлекеттік демеу көрсетеді. Етті мал шаруашылығын дамытуда жеке меншік инвестицияларын тартады. Ауданның қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысына мониторинг жүргізеді. Ауыл шаруашылық жәрмеңкелер жүргізуді ұйымдастырады және бақылау жүргізеді. Азаматтардың өтініштерін, арыздарын және үндеулерін қарастырады. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауыл шаруашы-лығы бөлімінің кадрлерін іріктеу және тағайындау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Аудан әкімі аппаратымен, аудандық мәслихатпен, облыстық ауыл шаруашылық басқармасымен, ҚР АШМ АӨК аумақтық инспекциясымен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Ауданның ЖШС, Ф/Ш және Ш/Қ өзара қарым- қатынас. Селекция мен тұқым шаруашылығын, дәнді-дақылдар өндіру технологиясын, топырақтың құнарлылығын сақтауды және қалпына келтіруді дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырады. Астық нарығы саласында өкілетті органмен бекітілген ережелерге сәйкес астық нарығының мониторингін жүргізеді.

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.08.2024 – 06.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

09.08.2024

Сұхбаттасу орны

150400, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим а., Абылай-хан көшесі, 28

Анықтама алу үшін байланыс

8-715-35-22449