Жылжымайтын мүлiк ауыртпалықтары туралы анықтаманы онлайн алу

Пәтердi, үйдi, саяжайды немесе басқа мүлiктi сату туралы шешiм қабылдасаңыз, сiзге мiндеттi түрде ауыртпалық туралы анықтама қажет болады. Кез келген сатып алушы сiздiң жылжымайтын мүлiгiңiз кепiлдiкте немесе тыйым салуда ма екенiн сұрайды. Сол себептi, мұндай анықтаманы Egov.kz портал арқылы 20 минут iшiнде тегiн ала аласыз.

Төменде нұсқаулық көрсетiлген:

  • Egov.kz порталында авторизациядан өтiп, iздеу жолы арқылы «Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама алу» қызметiн табыңыз.
  • «Қызметке онлайн тапсырыс беру» таңдап, деректердi толтырыңыз. Нысанның түрiн, оның мекенжайын немесе кадастрлық нөмiрiн көрсетiңiз.
  • ЭЦҚ көмегiмен өтiнiмге қол қойыңыз. 20 минут iшiнде анықтама дайын болады.

Iсiңiзге сәттiлiк тiлеймiз!

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметi

Жарияланған күні

28 шілде 2021

Жаңарту күні

28 шілде 2021