Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бiрге

Көру саны:6
2020 жылғы желтоқсанда Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан аумағында «тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» деңгейiн төмендету жөнiндегi 2020 жылға арналған iс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Жастардың нұрлы жолы» жастар қоғамдық бiрлестiгi аудан мектептерiнiң оқушылары арасында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы бiрге» атты плакаттар, буклеттер және шығармалар байқауын өткiздi.
Шығармалар байқауының қорытындысы бойынша 1 орынды Привольный орта мектебiнiң оқушысы Липей Снежанна; 2 орынды Возвышенка орта мектебiнiң оқушысы Садовников Илья; 3 орынды №1 Новоишим орта мектебiнiң оқушысы Гупперт Мария иелендi.
Буклеттер конкурсының қорытындысы бойынша №2 Новоишим орта мектебiнен Герт Алексейге 1 орын; Привольный орта мектебiнiң оқушысы Әнуаров Жандос 2 орын; №2 Новоишим орта мектебiнiң оқушысы Шендерук Ильяға 3 орын берiлдi.
Плакаттар байқауының қорытындысы: 1 орын — №1 Новоишим орта мектебiнiң оқушысы Сұлтанова Камила; 2 орын — Калинов орта мектебiнiң оқушысы Цукров Денис және №2 Новоишим орта мектебiнiң оқушысы Бакиева Карина; 3 орын — Привольный орта мектебiнiң оқушысы Абишева Мадина.
Байқауға ұсынылған барлық жұмыстар өте жарқын, қызықты және байқау тақырыбын толығымен ашты.
Байқау жеңiмпаздары мақтау қағаздарымен және естелiк сыйлықтармен марапатталды.
28 қаңтар 2021
28 қаңтар 2021