Шетелдік автокөліктер дізаңдастыратынМХҚО-лардыңжұмыскестесіөзгерді

Ағымдағыжылдың 23 қаңтарында елімізде шетелдік автокөліктер дізаңдастырубасталды.Мемлекеттік корпорация қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында МХҚО-лардыңжұмыскестесінөзгерту туралышешімқабылдады.

Автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін МХҚО-лары дүйсенбі және сенбі күні сағат 9:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы жұмыс кестесі бойынша орталықтар келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайды.

Автокөліктерді заңдастыру үшін азаматтарды қабылдайтын МХҚО-лардың мекенжайларын келесі сілтеме арқылы көруге болады:https://gov4c.kz/ru/press-center/news/339502/

Естеріңізге сала кетейік, шетелдік автокөліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Жарияланған күні

27 қаңтар 2023

Жаңарту күні

27 қаңтар 2023