Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы
ЖОБА
Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, 47-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 20 қазандағы № 365 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2987 болып тіркелген);
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 365 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 63 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6180 болып тіркелген).
- «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
10