Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданның аумағында барлық кандидаттарға сайлаушылармен
кездесу үшін үй-жайлар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін барлық кандидаттарға үй-жай беру туралы» 2021 жылғы 22 шілдедегі № 192;
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 192 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін барлық кандидаттарға үй-жай беру туралы» 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы».
- Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р. Аңбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы
________________ Р.Б. Малғаждарова
2026 жылғы «__» __________
6
18 ақпан 2026 19:19
18 ақпан 2026