Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2026 жылғы «09» қаңтардағы № 2 «Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің
2026 жылғы «09» қаңтардағы № 2
«Жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы» қаулысы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 2) тармақшасына, 84-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдың төрағалығымен инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысының 2025 жылғы 23-маусымдағы 5.3.4-тармақтарының негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының № 7 қосалқы аймағын кеңейту мақсатында, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерінің алынуына байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау.
- Осы қаулы қосымшасында көрсетілген жер учаскелерін 2026 жылғы 20-мамырға дейін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстарын жүргізілсін;
- Осы қаулы қосымшасында көрсетілген жер учаскелерінің пайдаланушылары келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Ленин көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүгінсін.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қаулыны ауданның бұқаралық ақпарат құралдарында және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды;
осы қаулы жарияланғаннан кейін, иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің жер пайдаланушыларына почта жөнелтілімін тапсыру туралы хабарламаны міндетті түрде ала отырып, почта арқылыжер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама жіберуді;
- Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімі Р. Аңбаев
5