2025 жылғы 21 тамыз күні сағат 11.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында 3 жоспарлы мәселе қаралды.
1.« Балалардың жазғы демалысын өткізу туралы».
- «Балалардың жолдардағы қауіпсіздігі бойынша алдын алу іс-шараларын өткізу туралы».
- «Халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерінің балаларын оқытумен қамту мақсатында «Мектепке жол» акциясы шеңберінде өткізілетін іс-шаралар туралы».
1 сұрақ бойынша білім бөлімінің басшысы Э.М. Қарабаева баяндама жасады.
2 сұрақ полиция бөлімінің подполковнигі Кубитаева М.Д. баяндама жасады.
3 сұрақ бойынша білім бөлімінің басшысы Э.М. Қарабаева баяндама жасады.



