СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ 24 ҚАҢТАРДАҒЫ №1 ШЕШІМІ
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ 24 ҚАҢТАРДАҒЫ №1 ШЕШІМІ
(Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 28 қаңтарда № 7854-15 болып тіркелді)
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 46 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 46 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5095 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің міндетін атқарушы |
|
Е. Әділбеков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық
сайлау комиссиясы
31