№11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеу жөніндегі округтік сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Округтік сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, 2026 жылғы 28 қазанда №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеді:
Әмренов Берік Есілбайұлының, 1974 жылы туған, ұлты қазақ, «Тахтаброд орта мектебі» КММ директоры, СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Тахтаброд ауылында тұрады, «Әділет» партиясының мүшесі. «Әділет» партиясынан ұсынылған.
№ 11 округтік сайлау комиссиясы