«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің бiлiм бөлiмi» КММ

  • жалпы орта бiлiм және мектепке дейiнгi тәрбиенi басқаруды жүзеге асыру, ауданның бiлiм беру жүйесiнiң жағдайы және ары қарай дамытуға жауапкершiлiк жүктеу, жалпы бiлiм беретiн мектептерде, балалардың мектепке дейiнгi және мектептен тыс мекемелерiнде балалар мен жастарға бiлiм беру және тәрбиелеу сапасы;
  • бiлiм саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • мемлекеттiк стандарт аумағында интернатты түрдегi ұйымдар арқылы ұсынылатын мектепке дейiнгi, мiндеттi жалпы орта бiлiмдi және жалпы орта бiлiмдi азаматтарға ұсынуды қамтамасыз ету;
  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, жетiм балаларды белгiленген тәртiпте мемлекеттiк қамтамасыз етудi, олардың жұмысқа орналасуын және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
  • бiлiм беру ұйымдарының түлектерiне жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және бiлiм алу үшiн мемлекеттiк көмекке мұқтаж балаларды табу және орналастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
  • оқу-тәрбие және әдiстемелiк жұмыс бойынша олардың қатыстылығына тәуелсiз аудан аумағында тұрған барлық түрдегi және барлық меншiктегi жалпы бiлiм беретiн мектептер және балалардың мекемелерiнiң әрекетiне басшылықты және бақылауды жүзеге асыру;
  • мектептер және басқа да бiлiм беру мекемелерiнiң алдыңғы қатардағы педагогикалық жұмыс тәжiрибесiн тарату, бұған әр түрлi үлгiлердi пайдалану (семинарлар, әдiстемелiк бiрлестiктер, дөңгелек үстелдер, курстар және т.б.);
  • интернаттарды, балалардың мектепке дейiнгi және мектептен тыс мекемелерiн қорғауды қамтамасыз ететiн iс-шараларды сақтауды және орындауды бақылауды денсаулық сақтау органдарымен бiрлесе жүзеге асыру;
  • оқушылар арасында белгiленген тәртiпте олимпиадаларды, спартакиадаларды, жарыстарды және оқу-тәрбиелiк және сауықтыру сипатындағы басқа да iс-шараларды өткiзудi қамтамасыз ету;
  • мектептегi, мектепке дейiнгi, мектептен тыс ұйымдардағы балалармен жазғы сауықтыру жұмыстарының жағдайын ұйымдастыру және бақылау;
  • ауданның бiлiм беру мекемелерiнде еңбек төлемдерiнiң белгiленген талаптарын және бiлiм беру қызметкерлерiнiң жеңiлдiктерiн қолданудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
  • барлық бiлiм беру мекемелерiнiң әрекетiн қаржылық бақылауды, мұғалiмдердi, тәрбиешiлердi және басқа да бiлiм беру қызметкерлерiн жыл сайынға тарифтеудi өткiзудi жүзеге асыру;
  • балаларды мектептерде және интернаттарда ұстауға, балалардың тамақтануына жеңiлдiктердi ұсыну туралы мәселелердi аудандық сайланған және атқарушы органдардың қарауына енгiзу;
  • мектептердi және басқа да бiлiм беру мекемелерiн мүмкiндiгiнше нұсқаулық-әдiстемелiк әдебиетпен, емтихандық құжаттамамен, қатаң есептегi бланктермен, оқулықтар қорының, бағдарламалардың, оқу жоспарларының, оқу-көрнекiлiк құралдарының, құрылғылардың және т.б. барлығын бақылауды қамтамасыз ету;
  • бiлiм беру мәселелерi бойынша бiлiм беру ұйымдары мен азаматтардың хабарламаларын, хаттарын және өтiнiштерiн қарауды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртiпте бөлек санаттағы оқушылардың және тәрбиеленушiлердiң ақысыз және жеңiлдiктi тамақтануын ұйымдастыру;
  • оқушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдетiлген жүрулерi туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзу;
  • аудан аумағында спорттық iс-шараларды координациялау және өткiзу;
  • аудандық бюджеттi құру және ұйымдардың бөлiмiнiң бiр ведомствоға қарасты қаржыландыру бойынша ұсыныстарын енгiзу;
  • бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыруды жүзеге асыру.
  •